KASE таңертеңгілік сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша,

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz

есептесуі T+0 теңгемен  (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен  (EURUSD_TOD) еуро бойынша бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы  аяқталды.

Қытай Халық Республикасында мереке күні болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юанімен сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 239,60 теңгені (-0,16), ал сауда-саттық көлемі — 49 500 (+21 050 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.


Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар