KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD),

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 479
Фото - Caravan.kz

еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған құралдар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 152,97 теңге (-0,48 теңге), сауда көлемі — 164 300 мың АҚШ доллары (- 1 650 мың USD) болды.

Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында сұраныс бір еуро үшін 207,00 теңге, ұсыныс — 207,15 теңге болды.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.


Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті құрал бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.