"Кәсіби әнші болсаң да, төмен айттың": Жұлдыз Өмірғали Толқын Забированың сынынан кейін сахнада жылап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кәсіби әнші болсаң да, төмен айттың": Жұлдыз Өмірғали Толқын Забированың сынынан кейін сахнада жылап қалды

"Кәсіби әнші болсаң да, төмен айттың": Жұлдыз Өмірғали Толқын Забированың сынынан кейін сахнада жылап қалды

Қазіргі таңда "Qazaqstan" Ұлттық арнасынан "Егіз лебіз" жобасы өтуде, ол жерде әншіліктен хабары жоқ белгілі тұлға мен кәсіби әнші бірге өнер көрсетеді.

  • 18 Наурыз 2021
  • 1657
Фото - Caravan.kz

Жобада "Әзіл әлемі" театрының актері Аманғали Сыпабеков пен "KeshYou" тобының экс-әншісі, Айқынның жан жары Жұлдыз Өмірғали де қатысып жатыр.

Қазылар алқасының мүшесі Толқын Забирова Жұлдыз Өмірғалиді қатаң сынға алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Жұлдыз, өте әдемісің. Сахнаға әдемі ұл-қыздар шықса қатты қуанамын. Бірақ, жек көретін нәрсем таза айтпау. Бұл жерде сен әнші болғаннан кейін кешірімсіз нәрсе деп ойлаймын. Сыныма жақсы, түсіністікпен қарайсың деген ойдамын. Егер Аманғали солай айтса, мен  түсіністікпен қарар едім. Ал сен кәсіби әнші бола тұра таза айтпау, әуенге түспеу кешірімсіз нәрсе", — деп Толқын Забирова әншіні сынға алды.

Толқын Забированың сынынан кейін Жұлдыз Өмірғали бетін жауып, жылап қалды.


 

Соңғы жаңалықтар