«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпазын Қазақстан азаматтық альянсы желтоқсанда анықтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпазын Қазақстан азаматтық альянсы желтоқсанда анықтайды

«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпазын Қазақстан азаматтық альянсы желтоқсанда анықтайды

«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпазын Қазақстан азаматтық альянсы 16-шы желтоқсанда, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығында айқындайды, деп «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Алина Хаматдинова мәлім етті.

  • 16 Маусым 2011
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Конкурс республикалық деңгейде ұйымдастырылған. Мақсаты — кәсібіндегі озықтарды: медицина, білім беру, энергетика, ТКШ, металлургия саласы бойынша анықтау», — деді А. Хаматдинова бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, республикалық конкурс мәдениет министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан кәсіпкерлері форумының, іскер әйелдер одағының қолдауымен өтеді.

«Өтініштерді қабылдау 10-шы маусымда басталып, тамыз айының соңына дейін жалғасады. Бірінші кезеңде үміткерлерді аймақтық конкурс комиссиясы іріктейді. Олар Қазақстанның әр облысынан финалға шығатын 5-10 үміткерді анықтайды. Кімнің жеңімпаз болатындығын конкурстың қоғамдық кеңесінің мүшелері шешеді», — деді А. Хаматдинова.

«Бұл конкурста 10-15 номинация болады, оның ішінде арнайы номинация – «Тәуелсіздікті құрудың 20 жылдығы», «Менің үлесім», «Менің елге деген сыйлығым», — деді ол.

Оның айтуынша, «конкурстанттардың өздерінің кәсіби салаларында инновация жасағандығы ескерілетін болады». «Сыйлық дәл осы инновациялық жетістіктері үшін беріледі», — дейді А. Хаматдинова.

Азаматтық альянс еліміздің 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдарын біріктірген. Оның жұмысының негізгі бағыты қоғамдық мониторинг, азаматтық журналистиканы дамыту, волонтерлік бағдарлама, Қазақстан азаматтары үшін конкурстар өткізу.

Соңғы жаңалықтар