Жарияланды: 940

Кәсіпкерлер форумының аясында "Қазақстандық іскер" атты байқау өтеді

Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11- форумының аясында "Қазақстандық іскер" атты байқау өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне байқауды ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Алғашқы 4 номинация машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнеркәсібі және тұрғындарға ақылы қызмет көрсету саласындағы таңдаулы сапаға арналады. Ал "Үздік іскер адам", "Өндіріс саласындағы таңдаулы іскер", "Үздік фермер" және "Жылдың іскер әйелі" тәрізді қалған 6 номинация бойынша байқауға ең таңдаулы іскерлер мен саңлақ компания басшылары қатысады. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ге жуық кәсіпкер қатысқалы отыр. Жеңімпаздарды ресми марапаттау шарасы бүгін кешке Астанадағы Салтанат сарайының қабылдаулар үйінде өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін