Кәсіпқой боксқа ауысқан Ескендір Ибрагим қарсыласын нокаутқа түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпқой боксқа ауысқан Ескендір Ибрагим қарсыласын нокаутқа түсірді

Кәсіпқой боксқа ауысқан Ескендір Ибрагим қарсыласын нокаутқа түсірді

Ибрагим қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

  • 10 Желтоқсан 2017
  • 813
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық белгілі әнші Ескендір Ибрагим кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол кеше Мәскеу түбінде өткен кәсіпқой бокс кешінде алғашқы айқасын өткізіп, бірінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыздың қарсыласы қырғызстандық Шерғазы Шактанов болды.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Алайда Ибрагим қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.


Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Ибрагим жарыстан бір күн бұрын ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп,  «енді көк туды кәсіпқой бокста желбірететінін» айтқан болатын.  

 

Соңғы жаңалықтар