Каспий теңізінде кең көлемді әскери жаттығу өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде кең көлемді әскери жаттығу өтіп жатыр

Каспий теңізінде кең көлемді әскери жаттығу өтіп жатыр

Каспий теңізінде осымен үшінші күн кең көлемде әскери оқу-жаттығуар өтіп жатыр. Қазір бұл жер теңіз майданына айналғандай. Бұл - ел шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеу мақсатында өтіп жатқан шара. Оған «Жағалау күзетінің» 300-ден астам сарбазы мен ондаған әскери кеме, сондай-ақ, екі тік ұшақ жұмылдырылған.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz

Әскери қайықтың экипажы үшін мұндай «дабыл» белгісі, оқу-жаттығуларда ғана емес, шынайы өмірде де жиі беріледі. Себебі, соңғы кездері шекарадан заңсыз өтіп, теңізге ау салатын броконьерлер жиілетіп кетіпті. Былтырдың өзінде, теңіздің қауіпсіздік жүйесіне жауапты «Жағалау күзетінің» сақышылары, 300-ге жуық броконьердің қолына кісен салған. Олардың барлығы да қарулы қарсылық көрсетіп, із суытпақ болыпты.

Александр Логачев, «Баутино» портына қарасты екінші дивизион командирінің міндетін атқарушы:

-Броконерлерді тоқтату үшін ескерту ретінде оқ атамыз. Бірақ заңды елемейтін олар оқ атсақ та тоқтамайды. Көбі негізінен Ресей азаматтары.

Бекіре уылдырығын кәсіп көзіне айналдырғанброконьерлер теңіздің қарулы күштеріне қарсылық көрсетіп қана қоймай, жылдамдығы жоғары заманауи кемелермен жүзеді екен. Сондықтан, ашық теңізде жарыс ұйымдастырған оларды құрықтау үшін оқ атпасқа амал жоқ. Десе де, тек қорқытып тоқтату үшін. Бұл ретте шекарашылар аса мергендік танытуы тиіс.

Каспий теңізінің қойнауындағы қазынаны қорғап, тыныштықты сақтау үшін, теңіз қарулы күштерінің техникасы да артқан. Мәселен, «жағалау күзетіне» қарасты әскери кемелерде орналасқан мына артиллериялық  қондырғы минутына 100 снаряд атады. Ол 3 шақырым қашықта орналасқан кез-келген нысананы жоюға қауқарлы.


Қыдыржан Мұқанов, ҚР ҰҚК ШҚ «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы:

-Мына карабльдердің личный оставтары барлығы дайын. Тапсарманы орындап жатырмыз. 05:22 жаттығу өтіп жатыр. Бірінші этап осы 15 апрельден 20-мамырға дейін жүргізіледі. Екінші этап күзде.

Оқу-жаттығуға«Жағалау күзетінің» 300-ден астам сарбазы мен ондаған әскери кеме, сондай-ақ екі тік ұшақ пен жас теңізшілер де жұмылдырылған. Олар қарудан оқ атып қана қоймай, теңіздің ащы суынан да дәм татты. Енді мұндай әскери оқу-жаттығу броконерлерге тұсау болуға сеп болса игі.