Жарияланды: 770

Каспий теңізінің Жамбай Оңтүстік - Оңтүстік Забурунье учаскелеріндегі алғашқы сейсмикалық зерттеулердің бірінші кезеңі аяқталды

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен "ҚазМұнайТеңіз ТМК" ЖАҚ Каспий теңізінің Жамбай Оңтүстік - Оңтүстік Забурунье учаскелеріндегі сейсмикалық зерттеулердің бірінші кезеңі аяқталғанын хабарлады. Бұл - "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-на қарасты компаниялар тобының өз күшімен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүзеге асырылған алғашқы жобасы болып табылады. Бұл туралы "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Зерттеу жұмыстары Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі мұнай және газ қорын сақтаған аймақтық зоналар мен шельфтің геологиялық құрылымын зерттеу үшін жүзеге асырылды. Шартты аумақтан солтүстік-батысқа қарай бұған дейін Астрахань және Имашевский газ конденсаты кеніштері, ал оңтүстік-батысқа қарай Қашаған құрылымында мұнай кеніші табылды. Жобалық геологиялық қор 600 млн. тонна көлеміндегі шартты отын ретінде бағалануда. Шартты аумақтық жалпы ауқымы 941 шаршы шақырымды, акваториядағы су тереңдігі 0,5-4 метрді құрайды. Жамбай Оңтүстік - Оңтүстік Забурунье учаскелері Каспий теңізінің жоғары экологиялық сезімталдығымен сипатталатын саяз сулы, қыста қатып қалатын өтпелі аймағында орналасатындықтан геологиялық барлау жұмыстары қиындық тудырады. Сол себепті мұндағы геологиялық барлау жұмыстары "Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде геофизикалық зерттеулер жүргізудің төтенше экологиялық шарттары" атты қатаң талаптарға сәйкес жүргізілді. Судың тереңдігіне қарай жарылғыш және пневматикалық қоздырғыш күштер қолданылды. Ал тіркеуші станция ретінде Жапонияның GDAPS-4А және Францияның SERSEL SN-408 станциялары пайдаланылды. Сейсмикалық барлау жұмыстары 2003-жылдың шілде айының аяғында басталған. 20-қараша күнгі жағдаймен сейсмикалық барлау жұмыстары жалпы жоспарланған аумақтың 110 процентіне жүргізілді. Жобаға қатысушы "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ, "ҚазМұнайТеңіз ТМК" ЖАҚ мен "Жамбай" ЖШС алынған мәліметтерді өңдеу негізінде 2004-жылы егжей-тегжейлі сеймикалық барлау жүргізбек ниетте. "Жамбай" ЖШС - "ҚазақМұнайГаз"-дың салалық бөлімшесі. Ол ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігімен екі арада қол қойылған 2001-жылғы 26-желтоқсандағы Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге сәйкес мұнай оперцияларын жүзеге асырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін