Каспийде браконьерлерді ұстаудың соңы атысқа ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде браконьерлерді ұстаудың соңы атысқа ұласты

Каспийде браконьерлерді ұстаудың соңы атысқа ұласты

Каспийде браконьерлерді ұстаудың соңы атысқа ұласты. Маңғыстаулық шекарашылар заңсыз балық аулаушыларды тікұшақпен бірнеше сағат бойы қуса да, тоқтата алмай әбіргерге түскен.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 207
Фото - Caravan.kz


Төзімі таусылған шекарашылар тікұшақтан оқ жаудырдыруға мәжбүр болды. Үш моторлы катерге мінген браконьерлер ізін жасырмақ болғанымен алысқа ұзай алған жоқ. Қолға түскендердің сегізі де Атырау облысының тұрғындары. Тек катерден балық табылған жоқ. Қаскөйлер   қуғын кезінде ауды суға тастап жіберсе керек. Бірақ бұл ұсталғандарды жауапкершіліктен босата алмайтыны анық. Браконьерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.