Каспийлік елдер бір-бірлерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндей әскери құрылыс жүргізбеуге тиіс, деп санайды РФ СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийлік елдер бір-бірлерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндей әскери құрылыс жүргізбеуге тиіс, деп санайды РФ СІМ

Каспийлік елдер бір-бірлерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндей әскери құрылыс жүргізбеуге тиіс, деп санайды РФ СІМ

Ресей Каспийді демилитаризациялауға қажеттілік көріп отырған жоқ,

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz

бірақ аумақтағы көрші елдер бір-бірлерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндей әскери құрылыс жүргізбеуге тиіс, деп мәлімдеді Ресей СІМ ерекеше тапсырмалар бойынша елшісі Игорь Братчиков.

"Ашығын айтсақ, жағалаудағы барлық елдер өздерінің қауіпсіздік мүддесіне орай каспийлік флоттарын жаңалауда, олар әрине, ең бастысы аймақтан тыс көздерден келуі ықтимал қауіптерді ескеріп, каспийлік аймаққа тікелей жақын жерлерде жарылыс жағдайлары ықтимал орындарды назарға алады", деді ол "Caspian Energy" журналына берген сұхбатында осыған қатысты сауалға жауап берген кезінде.

"Сол себепті көршілердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндей әскери құрылыс жүргізбеу, транспаренттілік туралы әңгіме айту орынды болар", деді ресейлік дипломат.