Кавказ Мұсылмандар басқармасының төрағасы жұмыс сапарымен Қазақстанға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кавказ Мұсылмандар басқармасының төрағасы жұмыс сапарымен Қазақстанға аттанды

Кавказ Мұсылмандар басқармасының төрағасы жұмыс сапарымен Қазақстанға аттанды

Кавказ Мұсылмандары басқармасының (КМБ) төрағасы Шейхульислам Гаджи Аллахшукюр Пашазаде бүгін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz

КМБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 25 қыркүйекте Астанада өтетін «Өркениеттер диалогындағы Қазақстан Республикасы президентінің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің шақыруымен келе жатыр.

Конференция ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Астанада өткізілген алғашқы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының саммитінің 10 жылдығына арналады.

Аталған саммитке тұрақты қатысып тұрған Аллахшукюр Пашазаде конференцияның Президиумы құрамына кіреді.


КМБ төрағасы конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлейді. 26 қыркүйекке дейін жалғасатын сапар барысында А.Пашазаде Астанада бірнеше кездесулер өткізеді деп жоспарлануда. Оның ішінде, Астанадағы Саммиттің ұйымдастыру комитетінің төрағасымен және Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен кездеседі деп күтілуде.