"Казахская сварка": Журналист ұлтты келемеждейтін сөзді тақырыпқа пайдаланған сайтты сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Казахская сварка": Журналист ұлтты келемеждейтін сөзді тақырыпқа пайдаланған сайтты сынға алды

"Казахская сварка": Журналист ұлтты келемеждейтін сөзді тақырыпқа пайдаланған сайтты сынға алды

Журналист ұлтты кемсітіп, келемеждейтін сөзді пайдаланғаны үшін AMANAT партиясына тиесілі сайтты сынға алды. Асылхан Мамашұлы баспасөздің балалар ойнайтын "сапасыз" сырғанақ туралы "Казахская сварка" депген тақырыппен мақала жазуы журналист этикасына да, заңға да қайшы екенін айтып ашынды. 

  • 10 Мамыр 2023
  • 69
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшада жазып, партияның депутаттарынан, тиісті органдардан "хал-жағдай сұрасаңыздар болады" деп көптің талқысына салған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Қарағандыда балалар ойнайтын сырғанақ сынып, бірдеңе етіп жөндеген. Сапасыздау жасаса керек.Соны “Аманат” партиясының “Литер” деген сайты (Нұр-Медиаға қарайды) “Казахская сварка” деп жар салып отыр.Қандай да бір ұлтты кемсітетін, келемеждейтін, мазақтайтын сөзді баспасөзде пайдалану, оны әдейі тақырыпқа шығарып, одан сайын айқайлату – баспасөз этикасына да, заңға да қайшы. Дәл осы күйде қай бапқа сұранып тұрғанын әркім-ақ біледі",- деп жазды журналист.

Желі қолданушылары "Масқаралық", Сапасыз дүниелер неге "казахский" болу керек?", "Сол сөзді өзіміз шығарған. "Қазақбайшалап істей салдым" деп" деген сынды түрлі пікірлерін қалдыруда. 

Мұндай резонанстан соң "Литер" сайтындағы мақаланың тақырыбы өзгереді. 

""Казахская сварка" деген сөзді алып тастап "Карагандинцев возмутил ремонт горки в городском парке" деп қойыпты. Онысы жөн болған екен.


"Аманат" партиясы сіздердің кешегі сын-пікірлеріңізден кейін өзгерткен болар. 

Ал енді олай өзгерткен болса, "сындарыңыз орынды, бізден бір қателік кетіпті, жаздық-жаңылдық, мұнан кейін қайталамаймыз" демей ме? Әлгі "кері байланыс" дегендері қайда?

Тақыр жерде сүрініп, оңбай қаталастық десе Алтайдан Атырауға дейінгі қалың ел ой, бауырымдап көзіне жас алмай ма? Мыңдаған адам "Аманат" партиясына кіреміз деп кезекке тұрмай ма, "Аманаттың" кеңсесін көрсе өртегісі кеп тұратындар да апырмай, енді қайттік демей ме?

Тақырыпты түк болмағандай үн-түнсіз өзгерте салу — біреудің тауығын ұрлап әкетіп, иесі біліп қойған соң зу еткізіп апарып тастап, түк білмегендей жүре бергенмен тең емес пе?", — деген Асылхан Мамашұлы.

Соңғы жаңалықтар