Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол “Kezdesu” бағдарламасына берген сұхбатында өзіне ең көп айтылатын хейтке тоқталды.
”Қазаққа ұқсамайсың, қазақтың жерінде құтырды-ау дейді. Жылағым келеді. Ашуланбаймын, бірақ көңіліме қатты тиіп кетеді. Көзім жасаурап, көңілім түсіп кетеді. Неге олай айтады деп ойланып кетемін. Ағаларым да көп жерде “қазақпын” деп айтып жүр дейді. Әркімге ақталып не істеймін?! Сұраған жерде айтамын”, — дейді ол.
Сондай-ақ ол жиі алданатынын да жасырмады.
”Көп алданамын. Үнемі аузым аңқиып қалады. Қасымда жүрген жігіттер ақкөңілсің дейді. Көбіне ешкімнің көңілін қалдырғым келмегеннен алданамын. Қатты сенгішпін. 1 сағат сөйлескен адамға көмектескім келіп кетеді. Бірінші орында “сол адамға не жетпей тұр” дегенді ойлап кетемін. Бірақ ақшаға алданған жоқпын”, — дейді әнші.