Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастықты нығайтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған

  • 22 Сәуiр
  • 3
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді.

Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында 23 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.