Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды   - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды  

Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды  

Отандық және шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр

  • 19 Мамыр
  • 3
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2026 жылы тағы 11 халықаралық әуе бағытын ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

Министрдің айтуынша, отандық және шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр.
Отандық және шетелдік авиокомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр. 2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жалғасуда. Қазірдің өзінде 4 жаңа рейс ашылды (Алматы–Шанхай, Астана–Ереван, Атырау–Ташкент, және Ақтау–Ереван). Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр, — дейді Көлік министрі.

Оның сөзінше, ішкі әуе рейстері Қазақстан аймақтарын байланыстыру үшін өте маңызды. Сауранбаев 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдауға 6,4 млрд теңге көзделгенін атап өтті.

2026 жылы 24 әлеуметтік маңызы бар бағытты қолдауға 6,4 млрд теңге көзделген. Сонымен бірге, туристік орындарды дамытуға қолдау көрсету өңірлік маршруттардың дамуына қосымша серпін береді. Ішкі тасымалдарды одан әрі дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, жергілікті органдарға облысаралық рейстерді өз есебінен субсидиялауға рұқсат беру. Сонымен қатар тұрақты рейстерге қосылған құн салығын алып тастау, — дейді Сауранбаев.