Қазақстанда харассмент және сталкинг оқиғалары жиі кездеседі. Қылмыстық жауапкершілік бар ма - kaz.caravan.kz
  • $ 523.2
  • 594.3
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда харассмент және сталкинг оқиғалары жиі кездеседі. Қылмыстық жауапкершілік бар ма

Қазақстанда харассмент және сталкинг оқиғалары жиі кездеседі. Қылмыстық жауапкершілік бар ма

Елімізде біреудің қыр соңына түсіп, аңдып, тыныштық бермеген оқиғалар жиі кездеседі. Одан бөлек адамға еркінен тыс тиісу әрекеттері де баршылық. Бұл сұрақ қоғамда көтеріле бастады.

  • 5 Ақпан
  • 24
Фото: culture.ru

Қазақстанда психологиялық және физикалық қауіп төндіретін әрекеттер үшін жауапкершілікті енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Депутат Абзал Құспан Мәжілістің дәлізінде сталкинг үшін жауапкершілікті енгізу жоспары туралы айтты. Тиісті норма Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін оңтайландыру туралы заң жобасына енгізілгенін еске салды.

«Норма енгізілді, жұмыс тобы оны қабылдады. Қылмыстық құқық бұзушылық түріндегі сталинг деп аталатын арнайы бап. Құжатты келесі аптада немесе бір апта ішінде екінші оқылымда палатаның қарауына шығару жоспарлануда. Қылмыстық құқық бұзушылық, айыппұл түріндегі санкция. Әзірге айыппұл мөлшері туралы айты қиын», — деді депутат.

Бұл норма аса ауыр қылмыстардың алдын алу үшін жасалып отыр.

Былтыр Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қоғам тарапынан сұраныс бар екенін атап өткен. «Қудалау» және «іздеу» ұғымдарының заңнамалық консолидациясының пайда болуы үшін барлық алғышарттар бар.

Сталкинг дегеніміз не?

Сталкинг – адамды ұзақ уақыт бойы қудалау, аңду немесе оның өміріне заңсыз араласу. Бұл әрекеттер телефон қоңыраулары, хабарламалар, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, үйіне немесе жұмысына келу, қауіп-қатер төндіру және психологиялық қысым көрсету түрінде көрінуі мүмкін.

Әр елдегі жауапкершілік

АҚШ – Сталкинг федералдық және штаттық заңдармен реттеледі. Жазалар әртүрлі: айыппұлдан бастап, 5–10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер сталкер қару қолданса немесе құрбанына зорлық-зомбылық жасаса, жаза күшейеді.

Ұлыбритания – 2012 жылдан бастап сталкинг ресми қылмыс болып саналады. Жаза 5 жылға дейін түрме немесе ауыр жағдайларда өмір бойына бас бостандығынан айыру болуы мүмкін.

Германия – 2007 жылдан бері сталкинг қылмыс деп саналады. Заң бұзғандарға 3 жылға дейін түрме немесе айыппұл салынады.

Франция – Сталкинг жасаған адам 1 жылдан 3 жылға дейін түрмеге жабылады, айыппұл – 15 000–45 000 еуро. Егер құрбаны кәмелетке толмаған болса немесе ерекше қорғансыз адам болса, жаза күшейеді.

Жапония – 2000 жылы “Сталкингке қарсы заң” қабылданды. Алғашында сталкерге ескерту беріледі, қайталанса 1 жылға дейін түрме немесе 1 миллион иен айыппұл салынады.

Қорғану жолдары:
-Полицияға шағым беру
-Сот арқылы тыйым салу (охранный ордер) құжатын алу
-Әлеуметтік желілерде сталкерді бұғаттау
-Жеке мәліметтерді құпия сақтау

Харассмент оқиғалары

Қазақстанда харассмент оқиғалары жиі кездеседі. Соған қарамастан заңнамада әлі күнге дейін «жыныстық сипаттағы қудалау» немесе «харассмент» деген жеке ұғым. Бұл сұрақты да қоғам белсенділері көтере бастады. Харассмент елімізде әкімшілік кодекстің «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша қарастырылады. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар жыныстық қудалауға ұшырағандарды қорғау мақсатында заңға өзгерістер енгізе алмай келеді.

Харассмент — бұл адамға еркінен тыс тиісіп, физикалық қысым көрсетіп, ыңғайсыздық тудыратын, жеке шекарасын бұзатын кез келген әрекет. Сізге егер бір адам қалауыңызсыз қолын тигізсе, тиісіп, қыр соңыңыздан қалмай қойса, жағымсыз, намысыңызға тиетін сөздер айтса, демек бұл — харассмент.

Айта кетейік, 31 қаңтарда белгілі әнші Алмас Кішкенбаевтің басы дауға қалған еді. Ол 17 жастағы жасөспірімге сыраға тапсырыс берген, кейін курьер келген кезде бірге сыра ішуді ұсынып, интим мүшесінен ұстап алған. Жігіттің әкесі әншінің үстінен полицияға арыз түсірген. Алматы соты әншіні «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп 15 тәулікке қамады. Ал әншінің өзі мас болғанын, ештеңе есінде жоқ екенін айтқан.