Әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сотта Кішкенбаев оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Кішкенбаевқа әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.