Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрады

  • 23 Маусым
  • 2
фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

«2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады», — деп жазылған хабарламада.

Статистика мамандарының айтуынша, есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.

Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.

Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары мен Шымкент қаласы (5%) бар.