Қазақстанда нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілді

Қазақстанда нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілді

Әділет министрінің 2026 жылғы 6 мамырдағы бұйрығымен 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барып жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімі бекітілді

  • 18 Мамыр
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттеріндегі нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін, — делінген құжатта.

Жалпы тізімге Астана қаласынан — 9, Алматыдан — 14, Шымкенттен — 1, Ақтөбе облысынан — 4, Алматы облысынан — 1, Атырау облысынан — 2, Жамбыл облысынан — 5, Павлодар облысынан — 1, Түркістан облысынан — 5, Қызылорда облысынан — 2, Батыс Қазақстан облысынан — 1, Шығыс Қазақстан облысынан — 1 және Ұлытау облысынан — 1 жеке нотариус енгізілген.

Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адвокаттық және нотариалдық қызметті лицензиялау ережелеріне өзгерістер енгізген болатын.