Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады

Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады

15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді

  • 17 Маусым
  • 9
Фото - Caravan.kz

15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері — 738,4 теңге).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.