Қазақстанға автомобиль мен мұнай газын негізінен Ресей мен Қытай импорттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға автомобиль мен мұнай газын негізінен Ресей мен Қытай импорттайды

Қазақстанға автомобиль мен мұнай газын негізінен Ресей мен Қытай импорттайды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биыл қаңтар-ақпанда 19 016,6 миллион долларға жетті

  • 16 Сәуiр
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанға импортталған өнімнің басым бөлігі Ресей мен Қытайға тиесілі, дейді ұлттық статистика бюросы.

Негізгі тауарлар: жеңіл автомобильдер, моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар, дәрілік заттар, телефон аппараттары, мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер.

Қытайдың үлесі — 28,8%;

Ресей — жалпы көлемнің 28,5%-ін құрады.

Басқа да импорттаушы елдер:

Корея — 4,7%;

Германия — 4,1%;

АҚШ – 2,9%.

Сондай-ақ экспорт бойынша Қазақстанның негізгі әріптес елдері:

Италия — 26,7%;

Қытай – 15%;

Ресей — 9,5%;

Нидерланды — 5,2%;

Түркия — 5,1%.

Жалпы, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биыл қаңтар-ақпанда 19 016,6 миллион долларға жетті. Оның ішінде:

экспорт -10 755,2 миллион доллар;

импорт — 8 261,4 миллион доллар.