Казактар болмаса қазақтар Қытайдың боданы болар еді - атаман Овсянников - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Казактар болмаса қазақтар Қытайдың боданы болар еді - атаман Овсянников

Казактар болмаса қазақтар Қытайдың боданы болар еді - атаман Овсянников

Жақында Шығыс Қазақстан облысында жергіліктер казактар Ермак күнін атап өтті. Көп ұзамай Астарахань казактарының Атырауға дейін қазақ жерін атпен басып өтпек ниеті байқалды. Бұл жағдайлар жергілікті ұлт - қазақтардың ашу-ызасын туғызды.

  • 21 Қыркүйек 2016
  • 2134
Фото - Caravan.kz

Сол себепті Caravan.kz тілшісі Жетісу казактары атаманы Владимир Овсянниковтың пікірін білген еді.

 

— Жуырда Шығыс Қазақстанда казактар Ермак күнін атап өтті. Бұл туралы естідіңіз бе?

— ШҚО-дағы Сібір казактары. Олар бізге жатпайды. Бірақ біз олармен байланыстамыз.

— Жетісу казактары да Ермак күнін атап өте ме?

— Жоқ, біз Ермак күнін атап өтпейміз. Жетісуда өз дәстүрі бар.Мәселен Георгий Победоносец күні, әскери мереке күнін атап өтеміз.Біз Қазақстан аумағындағы толық құрамдағы жалғыз тарихи казак әскеріміз. Шығыс Қазақстандағы казактар Сібір казактарына жатады. Орал казактары бар. Бірақ олардың да бір бөлігі Ресей казактарына қарайды. Ал жетісулықтар тек жетісуда ғана.

— Жалпы ШҚО-да казактар тарапынан Ермак күнін аталып өтуін қалай бағалайсыз? Сіздіңше дұрыса па?

— Әрине, дұрыс. Негізі казактарға қатысты Кеңес одағына дейін де 1919 Светлов қол қойған нұсқау болған. Яғни, казактарды жаппай жою туралы. Содан басталды. Кейін әр ел тәуелсіз мемлекет болған соң казактарды жаңа жау ретінде қабылдау басталды. Казактар жергілікті халыққа қысым жасады, казактар отарлаушы деген сияқты. Ал тарих бойынша, казактар Қазақстанға ШҚО арқылы кірген, Аягөзге дейін жетіп, екі рет қайтып кеткен. Өйткені Қытай мемлекетінің қарсылық нотасы болған. Сосын Лепсі аумағына дейін жетіп, казармалар салған. Бірақ тағы да қытайдың қарсылық нотасы болған соң Аягөзге шегінген. Алматы тарихы басталған Верный бекінісі болды. Неге Верный бекінісі болды? Өйткені Қаскелең өзені бойында Қоқан хандығының Таушыбек бекінісі болды.Олар осы аумаққа шабуылдар жасаған, елді тонаған. Бұл жерде жоңғарлар да болған, сосын Қытай иелігінде болды. Сонда казактар қайдағы жерді, кімге тиесілі жерді отарлады? Әрине, сол кезде қытайға тиесілі жерді басып алды. Казактар мұнда өз еркімен келген жоқ. Казактар келгенде тіпті бұл жерде аңшылар да болмаған.

— Жер қытайға тиесілі болды, біз керісінше азат етушіміз дегіңіз келеді ғой?

— Әрине, ол тарихи шындық. Жоңғарлардан кейін Қытай иелігінде болғаны рас.

— Ал қазақтардың казактарға деген қарсылығы болған жоқ па?

— Енді мүмкін тұрмыстық деңгейде болған шығар. Мысалы отардағы қойын, жайылымдағы жылқысын алып кету барысы бойынша түсініспеушіліктер болған шығар. Жалпы халықтық қарсылық, наразылық болуы мүмкін емес. Өйткені қараңыз жер Қытай иелігінде, ал ұмытпасам мұндағы 4 ру қытайдың боданы болды.Бір жағынан Қоқан хандығы. Сондықтан бұл жерге ерекше әскер керек болды. Әйтпесе не Қоқанның, не Қытайдың жері болар еді.

— Дегенмен, Ермак күні, жалпы казактардың түрлі мерекелер атап өтіп, топтасуына жергілікті халық қазақтардың наразы екенін білесіз бе?

— Ол мүмкін дұрыс үгіт-насихат жүргізбегеннен шығар. Мәселен Ермак ешқашан қазақтармен түйіспеген. Өйткені Күршімде меніңше хиуалық рулар болған. Яғни өзбектерге жақын.Сондықтан Ермак жаулаушы ма, емес пе, ол әлі сұрақ. Сондықтан Ермак мерекесіне тұрған қорқынышты нәрсе жоқ.


— Мұндай жыйындар ұлтаралық араздықты тудырады деп ойламайсыз ба?

— Жоқ, ұлтаралық араздықты тудырады деп ойламаймын. Оны біреулер әдейі тұтандыруы мүмкін. Егер оны тарихшылар дұрыс түсіндірсе, онда керісінше Ермак күнін ортақ мереке ретінде атап өтуге болар еді.

— Ал Жетісу казактары сапында қанша казак бар?

— Бізде бір мыңға жуық казак бар.

— Бұл сан өскені ме, әлде азайғаны ма?

— Енді қалай айтса болады, әзірге тұрақты құрамды ұстап тұрмыз.

— Казактар қатарына қабылданғысы келетін жастар көп пе?

— Әрине, біздің ұлдарымыз, балаларымыз, немерелеріміз қатарға қосылады. Біз оларды үнемі үйретіп отырамыз.

— Жетісу казактары қай кезде ант қабылдайды?

-Дайын болған кезде? Олар Отанға ант береді. Яғни тарихын білу керек, казак дегеннің не екенін ұғу қажет.

— Отан дегенде, қандай Отанға ант береді, Қазақстан ба әлде, Ресей ме?

— Енді… бұл жерде мынандай сәттер бар. Отан қайда, Яғни туған жер, яғни Қазақстан, яғни Жетісу. Иә, біреулер осындай от жаққысы келеді, бірақ бекер. Мен талай дұрыс тарихшылармен сөйлестім. Олар жеме жемге келгенде бұл тарих деп айтты. Яғни, Жетісу казактарын алып кетіңдер, шығарып жіберіңдер дейді. Онда не болады, бос жер қала ма, әлде қытайдыкі бола ма, жоқ әлде қазақтар бұл жерге өздігінен ие бола қалды ма?

— Астарахань казактарымен де байланыс бар ма? Келесі жылы олар Атырауға атпен келмекші.

— Біз өкінішке орай мұндай мерекелерге қатысып көрмеппіз.Бірақ әрине көруге болатын нәрсе екен. Тарихи сәтті қалай бейнелейтінін.

— Яғни қолдайсыз ғой?

— Қолдаймын, қолдамаймын деп ештеңе айта алмаймын. Бірақ тарихи сәтті көз алдыңа келтіру, тарих үшін тиімді болар еді.Тарихтың өзіңе ұнамайтын жақтарын алып тастау арқылы, сіздер екінші жағын жойып аласыздар.

— Жаңа бір сөзіңізде Алматының тарихы Верный бекінісінен басталады деп қалдыңыз?

— Алматыға бірнеше мың жыл болды дегенді оқимын. Бірақ мен еш жерден ондай тарихи дерек көрмедім.Медеудің төмен жағынан әр түрлі тыйындар, қазан, ыдыстар табылды дегенді оқыдым. Қазақ керуенді халық болды, көшпенді емес.Мүмкін бір тұрақтаған кезінде ондай ыдыстарды қалдырып кетуі мүмкін ғой. Бірақ мыңжылдыққа қатысты нақты дерек көрмедім.

— Рахмет

Соңғы жаңалықтар