Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сұхбат барысында ғалым оның кім екенін топшылайтынын айтты.
«Бүгінде бетіне бетперде таққан, көзілдірік киген ұзын бойлы жігіт қайырымдылық жасап, үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Оның кім екенін іштей білем. Сол Димаш Құдайберген ғой. Қазақтың Құдай берген азаматы Димаш деп ойлаймын. Немесе Димаштың атынан істеп жүрген бір жақын досы болуы мүмкін. Бір қызығы, жұрттың көбі солай ойлайды. Бұдан қателесіп жатсам, қатты ашуланбаймын. Ортамыздан шыққан қазақтың қаракөз азаматы ғой әйтеуір. Өзінің қарақан басының қамын ойлайтын шіріген байларға өнеге боларлық іс атқарып жүр», — деді Сұлтан Хан Аққұлы.