«Қазгидромет» Қытайдың MAZU жүйесін Қазақстанда қолданбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.85
  • 513.46
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазгидромет» Қытайдың MAZU жүйесін Қазақстанда қолданбақ

«Қазгидромет» Қытайдың MAZU жүйесін Қазақстанда қолданбақ

Үрімші қаласында «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Алимбаева мен Қытай метеорологиялық әкімшілігінің басшысы Чэнь Чжэньлинь арасында екіжақты кездесу өтті

  • 23 Қыркүйек
  • 1
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде тараптар заманауи технологияларды енгізу, ерте ескерту жүйелерін дамыту және қауіпті ауа райы құбылыстарын болжау салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі MAZU жүйесі болды. «Қазгидромет» бұл жүйені Қазақстанда қысқа мерзімді болжау, nowcasting және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану бағыттарында практикалық тұрғыда қолдануға мүдделі.

Сонымен қатар Fengyun спутниктік деректерін пайдалану және ауа райы процестерін бақылаудың заманауи құралдарына қолжетімділікті кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, алдағы практикалық қадамдарды айқындауға келісті.