Кедендік бақылау жұмысы он күннен бес күнге қысқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кедендік бақылау жұмысы он күннен бес күнге қысқарады

Кедендік бақылау жұмысы он күннен бес күнге қысқарады

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа кеден кодексі күшіне енеді.

  • 28 Желтоқсан 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Осы орайда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин ОҚК-да өткен баспасөз-мәслиxатында кодекс артықшылықтарын атады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Басты жаңалық – толығымен электронды декларациялауға көшу. Кедендік баждарды төлеу мерзімін бір айға, алты айға ұзарту қарастырылды. Бұл жұмысты жеңілдетіп, қолайлы жағдай туғызады. Бәрімізге белгілі бұрындары алдын ала кедендік бажын төлемейінше тауар шығарылмайтын», — деді Ғұсман Әмрин.

Оның айтуынша жаңа кеден кодексі бойынша декларациялау мен бақылау уақыты қысқармақ.

«Жалпы кеден қызметінде, сыртқы сауда саласында ең қиын сұрақтың бірі бір-біріне қарама-қайшы бақылауды күшейту мен кеден рәсімдерін қысқарту. Бақылауды күшейтсек уақыт көбейеді. Шын айтайын, бұл бизнестің ұсынысы болды. Декларациялау мерзімі 24 сағаттан 4 сағатқа дейін қысқартылды. Жалпы бақылау жұмысын он күнен бес күнге дейін қысқартып отырмыз», — деді ол.


Сонымен бірге жаңа кодекс бойынша декларацияны кеден офицері толтыра алады. Ал қазіргі қолданыстағы кодексте кеден қызметкерлеиінің декларация толтыруға ешқандай құқығы жоқ. 

Соңғы жаңалықтар