Келесі айдың орта тұсында Астана клубының екінші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі айдың орта тұсында Астана клубының екінші отырысы өтеді

Келесі айдың орта тұсында Астана клубының екінші отырысы өтеді

Қарашаның 14-16-сы аралығында Астана клубының екінші отырысы өтеді.

  • 25 Қазан 2016
  • 718
Фото - Caravan.kz

Оған әлемнің 20 елінен (Австрия, Ауғанстан, Белгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Корея, Ресей, Сингапур, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Франция, Швейцария) 55 сарапшы, саяси және қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарланған.Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Астана клубы аясында өтетін отырыста әлемдік саясат пен экономикаға ықпал ететін маңызды мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша пікірталас алаңын өткізу жоспарланған.

Ұлт көшбасшысының халықаралық экономика және саясат институты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры тарапынан сараптамалық баяндама дайындалады. Онда Еуразияның негізгі ойыншыларының мүдделері мен ұстанымы, даму тренді мен негізгі бағыттары көрініс табады.

Сондай-ақ, отырыс аясында Қазақстанның іскер ортасы және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өтеді.


Талқылау Chatham House форматында өтеді. Отырыс ағылшын, орыс және қытай тілдерінде жүргізіледі.

Астана клубының бірінші отырысы былтыр қараша айында өткен еді. Ол кезде әлемнің 15 елінен 47 сарапшы Еуразия геоэкономикасының негізгі аспектілерін талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар