«Келесі жылы Қызылордада ұшу-қону алаңы салынады. Концессия негізінде Ақтау қаласында жаңа әуежай мен терминал салына бастады, Атырауда жаңа терминал салынады деп күтілуде»,- деді С.Ахметов.
«Елімізде 22 әуежай бар, оның 9 -ы халықаралық ИКАО стандарттарына сай», — деді министр.
«Келесі жылы біз Көкшетаудағы әуежайдың ұшу-қону алаңы мен терминалын реконстукциялауға кірісеміз. Онда «Бурабай» сауықтыру-туристік спорттық кешені болмақ. Осы кешенді дамыту үшін әуежай қажет, және бұл әуежай халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс», -деді көлік және коммуникациялар министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті