Келіншек кеше босанды. Бірақ бүгін көз жұмды.Тағы бір отбасы аңырап қалды - Жайна Сламбек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келіншек кеше босанды. Бірақ бүгін көз жұмды.Тағы бір отбасы аңырап қалды - Жайна Сламбек

Келіншек кеше босанды. Бірақ бүгін көз жұмды.Тағы бір отбасы аңырап қалды - Жайна Сламбек

Белгілі журналист Жайна Сламбек елімізде адамдардың өз салғырттығы кесірінен адам шығыны  болып жатқанын сөз етті. Сондай-ақ ол теріс ақпаратқа сенетін қоғамды сынады. 

  • 18 Тамыз 2021
  • 7840
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.  

"Бір әйел ауырып жүрсе де (COVID жұқтыруы мүмкін екенін біле тұра: тұмау сияқты немесе суық тию тәрізді белгілер байқалса бірден күдіктенеміз ғой) жұмысына бара берген. Одан әріптес ер кісіге жұқтырған. Ол аяғы ауыр әйеліне… Келіншек кеше босанды. Бірақ бүгін көз жұмды …Тағы бір отбасы аңырап қалды… Ауырып жүрсе де өз өміріне де, басқаның тағдырына да түкіріп қарайтын — бірден оқшауланбай, жұмысқа бара беретін адамдарға қандай сипаттама беруге болады?.. Вирус тарап, пандемия басталғалы эфирден де, тіршілікте те қаншама Сөз айтып келеміз. Оның ішінде вакцина туралы да. Бірақ өзін-өзі сақтау инстинкті де төмен екен… Вирус жоқ, вакцина — чиптеу немесе өлтіру амалы дейтін ақпарат үстем қоғам. Оның басты себебін де білеміз. Айтып та жүрміз. “Естімейтін өкіметтен” бастау алады. Ендеше түсінік екі есе артса ғой — өз өміріңе өзің алаңдамасаң, ешкім селт етпейді",- жеп жазды журналист.

Еске салсақ, елімізде коронавирус жұқтырушылар саны әлі азаймай тұр. Соңғы тәуліктерде 7 мыңнан аса адам қауіпті вирус жұқтырған. 



 

Соңғы жаңалықтар