Бұл туралы Іздестіру комитетінің мамандары мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы жоғалғандар жайлы 64 өтініш түскен, оның 64-і де расталған.
ria.ru агенттігінің мәліметіне қарағанда, өрттен кейін із-түзсіз кеткендер жайлы ақпаратты Кемерово облысының әкімшілігі де тексеріп жатыр. Кемерово облысының вице-губернаторы Владимир Чернованың айтуына қарағанда, 78 адамды туыстары әлі де іздестіріп жатқан көрінеді.
Ол сонымен қатар бұл ақпараттың әлі де өзгеруі мүмкін екенін айтты. Оның айтуына қарағанда, жоғалғандар туралы ақпарат расталмаса тиісті адамдар жазаланатын болады.
Естеріңізде болса, Кемерово облысында 25 наурыз күні "Зимняя вишня" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 26 наурыз күні өшірілген болатын. Өрт салдарынан 64 адам көз жұмған, көбі балалар болатын.
Қазіргі кезде өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Кемероводағы өрт құрбандарының соңғы сәтте жан ұшыра көмек сұраған дауыстары жазылған видео тарады