Кентауда кішкентай бала бесінші қабаттан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кентауда кішкентай бала бесінші қабаттан секіріп кетті

Кентауда кішкентай бала бесінші қабаттан секіріп кетті

Кентау қаласында бес қабатты үйдің жоғарғы пәтерінде өрт шықты. Үйде екі бала болды. Біреуі қызыл жалыннан қашамын деп, балконнан секіріп кетті.

  • 15 Маусым 2022
  • 134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдай 13 маусымда болған. Балконнан секіріп кеткен 8 жасар ұл бала ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бірақ есін жимастан қайтыс болды. Ал түтінге тұншығып қалған 10 жастағы қыз аман қалды. Оған қажетті ем-дом жасалды.

Үйдің отағасы вахталық жұмыс істейді. Сол күні кезекшілікте болған. Ал балалардың анасы далаға шығып кетті. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт қуат алып тұрған телефоннан шығуы мүмкін.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Әлімбайдың айтуынша, жергілікті билік тиісті көмек көрсетеді.


"Әкімдік тарапынан шатырды ретке келтіру жұмысы атқарылуда. Өрт кезінде балдардың құжаттары өртеніп кетуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыс атқарылатын болады. Кентау қаласының жанашырлары өрттен зардап шеккен отбасы мүшелеріне материалдық көмек ұйымдастырып жатыр", — дейді Әлімбай.

Соңғы жаңалықтар