Жарияланды: 30

Кентауда модульді мал сою бекеті іске қосылды

Кентауда модульді мал сою бекеті іске қосылды

Түркістан облысы Кентау қаласында 2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі, қалаға қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы құрылды. 

Құны 11 млн теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалықтың атауы «НұрФархат».

Шаруақожалықтан хабарлағандай, мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды. Жалпы, 5 адам жұмыс істейді. Малды союға дейін анықтап, оның сау не ауру екенін тексеріп барып союға рұқсат беріледі. Сол кезде мал сою алаңына кіргізіледі.

Сонымен қатар, мал дәрігері әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнін компьютерге енгізіп отырады. Бекеттің ішінде арнайы сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Тіпті, мал сою алаңында, малдарын алдын ала әкеліп қоятын қора-жайға дейін жасалынған. 

"Шаруақожалыққа бөлінген 11 млн теңгенің 5,5 млн теңгесін мемлекет субсидияласа, қалғанын қожалық өзі өтеуі тиіс.  Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауға арналған бағыты. Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде, күніне 30 шақты малды союға қауқарлы", - дейді мамандар. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін