Ол өткен жылмен салыстырғанда бір ай ерте келді. «Жасыл керуен» сатып алушыларға 34 тонна орамжапырақ, 30 тонна сәбіз және 60 тонна пияз жеткізген.
«Мамыр айының басына дейін осындай 5 керуен жоспарланған. Әр келген сайын тауар көлемі ұлғая беретін болады. Өнім түрлері де кеңейеді: орамжапырақ, сәбіз бен пияздан басқа қияр, қызанақ және картоп әкелінетін болады. Халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін қорғау мақсатында олардың бағасы нарық бағасынан айтарлықтай төмен деңгейде болады», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Жасыл керуен» бағдарламасын жүзеге асыру облыс әкімі Нұрлан Нығматуллиннің тапсырмасымен басталған. Осы мақсатта облыстық «Агро-Консалтинг-К» кәсіпорыны Тәжікстан мен Өзбекстанның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен Қарағанды облысына жалпы көлемі 1800 тонна жас көкөніс жеткізу туралы келісім жасасқан.
Осы өнімді саудалайтын жерлер де анықталып қойылған. Ол «Шығыс» және «Ғасыр» базарлары болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті