Кевин Спейсиді хаттары арқылы қорқытқан америкалық әйел 4 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кевин Спейсиді хаттары арқылы қорқытқан америкалық әйел 4 жылға сотталды

Кевин Спейсиді хаттары арқылы қорқытқан америкалық әйел 4 жылға сотталды

АҚШ-тағы Массачусетс штатының тұрғыны Линда-Луиз Калкин 4 жылға сотталды. Ол  голливуд актері Кевин Спейсиді қорқытып хат жолдаған.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz

 Америкалық БАҚ хабарлағандай, бұл үкімді Бостон соты шығарды.

Тергеу деректерінше, электрондық поштаға жіберілген хаттарда 55 жастағы Калкин Спейсиді «кинап, жарып жіберетіні» туралы жазған.

Калкин 2012 жылдың қаңтарында ұсталды. Осы күнге дейін түрмеде отырған. Енді ол бір жарым жылдан кем уақыт жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар, америкалық әйел актерге 124 мың доллар төлеуге мәжбүр. Бұл қаражатты актер күзетшілерді жалдау үшін жұмсаған.

Спейси "Күдікті тұлғалар" (The Usual Suspects, 1995) және "Америкалық әсемдік " (American Beauty, 1999) киноларындағы рөлдері үшін "Оскара" сыйлығына ие болған.