Кездесіп жүрген жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған астаналық әйелдің соты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кездесіп жүрген жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған астаналық әйелдің соты басталды

Кездесіп жүрген жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған астаналық әйелдің соты басталды

12 сәуірде Астана қаласы Есіл ауданының № 2 сотында атышулы іс бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр

  • 12 Сәуiр 2018
  • 690
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz  соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Ведомство өкілдері жігітінің денсаулығына қасқана ауыр зардап келтірген әйелдің ісі жабық түрде қаралып жатқанын түсіндірді. Еске салайық, әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы Астана қаласында тұратын әйел өзінің кездесіп жүрген жігітінің денсаулығына ауыр зардап келтіргені туралы құжаттың суреті таралған еді. Құжатта көрсетілген әрекет этикалық түсініктерге байланысты сипатталмайды. Кейін Астана сотының өкілдері соттың жабық қаулысындағы әйелдің суретін таратуға қатысы жоқтығын мәлімдеді. Сол кезде күдікті әйелдің екі ай мерзімге қамауға алынғаны да айтылды. Істің өзге тұстары айтылмады. Мұндай істер заң бойынша жабық қаралады.

 

Оқи отырыңыз:

Назарбаев қазақстандықтарды қытай тілін үйренуге көп көңіл бөлуге шақырды
Мені балаңызға келін қып алыңызшы: Шоу бизнестегі ғашықтар туралы шындық
Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім
Соңғы жаңалықтар