Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Ақын қазіргі жастардың біліміне көңілі толмайтынын, дарынды ақын бар да, дарынсыз ақын бар екенін айтып ашынды. Махаббат тақырыбын, азаматтық позициясы жайлы сөз қозғады.

  • 12 Сәуiр 2018
  • 2167
Фото - Caravan.kz

Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгімелесті.

Ақын өз өлеңін оқи келе Махамбетті Абайдан артық қоятынын тағы бір  мәрте атап өтті.

«Абай ұлы тұлға. Бірақ ісі үшін Махамбетті Абайдан жоғары қоям. Басымды кесіп алсаңдар да, айтатыным сол. Махамбет шындық үшін басын берген адам», – деді Шаханов.

Мұхтар Шаханов соңғы кездері дуға айналған тақырып жайлы айтып Нұрлан Оразалинді Қоразалин деп атамағанын  алға тартты.

“Сөзімді бұрмалап жіберіпті. Мен керісінше Оразалин Қоразалин болмады дедім. Тауықалин Шөжалиннің деңгейінде самғады дедім”, – деп атап өтті ол.

Ақын журналистің «Сүйген адамыңызды кездестіріп, махаббат шыңына көтерілдіңіз бе?» деген сұрағына жауап берді.


«Жас кезімде Түлкібаста сүйген қызым болды. Пойызбен өткенде, сол жерде тоқтап кездесетінбіз. Кейіннен ол стансаға  пойыз тоқтамайтын болыпты. Оны білген жоқпыз. Сонда жүріп бара жатықан пойыздан секірем деп ол қыз пойыз астына түсіп өлді. Қасындағы қыз аяғын сындырды. Ол қыз тірі болғанда махаббат шыңына бірге шығар ма едік деп ойлаймын. Қазір үшінші әйеліммен тұрам. Үш әйел алдым. Бірақ сана бігінде жолығатын әйелді кездестірмедім», – деді ақын.

Соңғы жаңалықтар