Халықаралық аккредиттеуден өтпеген ЖОО-на мемлекеттік грант бөлінбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық аккредиттеуден өтпеген ЖОО-на мемлекеттік грант бөлінбейді

Халықаралық аккредиттеуден өтпеген ЖОО-на мемлекеттік грант бөлінбейді

Халықаралық аккредиттеуден өтпеген ЖОО-на енді мемлекеттік грант бөлінбейді.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 625
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz жазады.

Бірақ бұған дейін алған сертификаттары өз күшін жоймайды. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен «Білім» бағыты бойынша комиссия отырысында сала министрлігінің өкілі Ахметжан Пірімқұлов осыны мәлімдеді. Мұндай талаптардың енгізілуі білімнің сапасын арттыруды көздейді.

«Грант пен дипломға байланысты. Егер сіз аккредитация өтпесеңіз, ол ЖОО-на грант берілмейді. Оған оқушалыр грантпен түсе алмайды», — дейді ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов.

Жиын барысында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаеваның зерттеулері жиналғандарды қуанта қоймады. 2016 жылы 449 мектепке дейінгі мекеменің тек 118-і ғана мемлекеттік аттестациядан өткен. 757 орта мектептің 413-і стандартқа сай. Соңғы екі жылда 3 мыңнан астам ЖОО-ны халықаралық аккредиттеуден өтуге өтініш білдірген. Соның 440-ы ғана тиісті сертификатқа ие болды.

«Атқарушы билікпен бірлесе отырып, белгілі бір жүйені ойлап табу керек. Мен ұстаздардың біліктілігі үшін жауапкершілікті министрлікке де, комитетке де артуға болмайтынын түсінемін. Заңға сәйкес бұл талап білім беру орталығы құрылтайшысының құзыретіне жатады. Проблеманы түбегейлі шешіп, жұмыс істеу механизмін енгізіп, бақылауды бекітетін уақыт келген сияқты», — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Наталья Жұмаділдаева.


Соңғы жаңалықтар