Халықаралық атом энергиясы агенттігі Әзербайжанмен ынтымақтастық деңгейін оң бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық атом энергиясы агенттігі Әзербайжанмен ынтымақтастық деңгейін оң бағалайды

Халықаралық атом энергиясы агенттігі Әзербайжанмен ынтымақтастық деңгейін оң бағалайды

Баку. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Әзербайжандағы жобалар жөніндегі үйлестірушісі Андрей Чупов Бакуде сапармен жүр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

А. Чуповтың журналистерге хабарлауынша, оның Бакуге сапарының мақсаты Азербайжан мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі арасындағы қазір жүзеге асырылып жатқан жобалар мен 2009-2011 жылдарға арналған перспективалық жоспарлауға қатысты мәселелерді талқылау болып табылады. Оның атап көрсетуінше, Халықаралық атом энергиясы агенттігі қазір Әзербайжанмен қоршаған ортаны қорғау мен радиациялық қауіпсіздік салаларында белсенді бірлесе жұмыс істеуде және жалпы алғанда осы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалайды.

«Тараптардың өзара ынтымақтастықтан не күтетіндігін түсіну үшін, бірлесе нендей істер тындыру қажеттігі мен ел өз бетімен не істей алатындығын түсіну үшін көп жұмыс тындырылды. Бізде онкологиялық орталықта тамаша жобамыз бар және оны жүзеге асырған 5 — 6 жылда онкологиялық науқастарды емдеуде біз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекет Халықаралық атом энергиясы агенттігімен бірлесіп мұнда ең озақ құрал-жабдық әкелуге ақша бөлді, қазір онда емдеу мен диагноз қоюды ең жоғары деңгейде жүзеге асыра алатын мамандар бар»,- деді ол.

Сонымен бірге, А. Чуповтың хабарлауынша, Әзербайжан үкіметі Халықаралық атом энергиясы агенттігінен елде зерттеу мақсатындағы атом реакторын салу жобасын жүзеге асырудың техникалық, қаржылық және экологиялық мүмкіндіктерін зерттеуді сұрады.

«Бұл мәселе 2009 — 2010 жылдарда шешімін табады. Бұдан кейін Әзербайжан Ғылым академиясы мен басқа да мекемелердің Халықаралық атом энергиясы агенттігінің мамандарымен бірлескен жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша үкіметке есеп таныстырылады, содан кейін оның негізінде реактор салу қажет пре, жоқ па деген тұрғыда үкімет шешім қабылдайды», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті