Мемлекетаралық арнайы операция барысында Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және «Арлан» арнайы бөлімінің қызметкерлері осы облыстың ҰҚК департаментіндегі және Саратов облысының ішкі істер басқармасындағы әріптестерімен бірлесе отырып Оралда жұмыс істейтін жасырын шеберхана және атыс қаруын заңсыз жасау, контрабанда жасау және сатудың халықаралық арнасы жойылды, деп көрсетілген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан бапасөз баянында.
Орал мен Саратовта осы қылмыстық қызметке қатысы бар тұлғалар тұтқындалған.
Арнайы операция барысында Орал мен Саратов полициясының қызметкерлері ұлтаралық қылмыстық топтардың қылмыстық мақсатта пайдалануына дыбыс бәсеңдеткіші бар 7 пистолет (6 наган револьвері мен Макаров тапаншасы), оптикалық көздегіші бар 2 снайперлік ұсақ калибрлі «ТОЗ» карабині, Наган, Парабеллум, Макаров, ТТ және автоматты қаруға арналған 500-ден астам оқты жібермеген.
Сонымен бірге, токарь құралы, пистолет, автомат және карабин жасауға арналған көптеген құралдар мен жабдықтар, дыбыссыз ату қаруы бойынша әдебиеттер, көздегіш құралдарды жасау кестесі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Батыс Қазақстан облысымен шектесетін облыстарының құқық қорғау органдарының таңбалары мен штамптары тәркіленді.
Атыс қаруын заңсыз жасау, контрабанда жасау және сату оқиғасы бойынша ҚР ІІМ Батыс Қазақстан облыстық ІІД және РФ ІІМ Саратов облыстық ІІББ қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті