Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін Байқоңырға "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін Байқоңырға "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері келді

Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін Байқоңырға "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері келді

Байқоңыр. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін Байқоңырға "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының мүшелері келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Наурыз 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

Бортында экипаж мүшелері және Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының мамандары бар Жұлдыздар қалашығынан ұшып шыққан ұшақтар араларына бірнеше минут салып «Крайний» аэродромына келіп қонды.

Ғарышкерлерді «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының, қала әкімшілігінің, ғарыш айлағының басшылары, Қазақстанның ғарыш құрылымының өкілдері қарсы алды.

Байқоңырға ұшу алдындағы дайындық үшін «Союз ТМА-12» негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының командирі, «Союз ТМА-12» командирі — Сергей Волков (Ресей Федерациясы), ХҒС бортинженері, «Союз ТМА-12» бортинженері — Олег Кононенко (Ресей Федерациясы), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Йи Сойон (Корея Республикасы), сондай-ақ, дублерлер — Михаил Сураев (Ресей Федерациясы), Олег Скрипочка (Ресей Федерациясы) және ғарыштық ұшырылымның қатысушысы Сан Ко (Корея Республикасы) келді.

Дайындық жоспарына сәйкес, экипаждар барлық дайындық кезеңін (ұшатын 8 сәуірге дейін) ғарыш айлағында өткізеді.

Экипаждар «Ғарышкер» қонақ үйіне орналастырылды. Ертеңнен бастап жоспарланған жаттығуларын орындап, №254 алаңның монтаждық-тексеру корпусында «Союз ТМА-12» ғарыш кемесінде жаттығу жасайды.

Жаттығу барысында негізгі және қосалқы экипаж мүшелері скафандрларды киіп көріп, ұшу-қону орындықтарын, байланыс жүйелерінің жұмысы мен ғарыш кемесіндегі құралдардың орналасуын тексеріп көреді.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесін «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ғарыш айлағының №1 алаңынан ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті