Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жиналысында еліміз ғалымдарының 2,5 млн. доллар көлеміндегі жобалары бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жиналысында еліміз ғалымдарының 2,5 млн. доллар көлеміндегі жобалары бекітілді

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жиналысында еліміз ғалымдарының 2,5 млн. доллар көлеміндегі жобалары бекітілді

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың 20-қазанда Мәскеуде өткен 32-отырысында еліміз ғалымдарының 2,5 млн. долларға бағаланған 14 жобасы бекітілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қазан 2003
  • 658
Фото - Caravan.kz

Қаржыландыруға жолданған Қазақстандық жобалардың арасында «Толымсыз органикалық қосылыстарды және сутектендіру құбылысын сүзгіден өткізу технологиясына арналған икемді катализдік модуль», «Техногендік бүлінген жерлерді биологиялық рекультивациялау және биокешендердің табиғи регенерациялануын жеделдету жолдары», «Құрамында күшаласы бар кеніштік және техногендік өнімдерді сульфидтеу әдісімен өңдеу арқылы күшаланың улылығы төмен қосылыстары шығарып алу», «Семей сынақ полигоны аймағындағы тұрғындарды қазіргі заманғы дозиметрлік тәсілдермен кешенді тексеруден өткізу» тәрізді жобалар бар.

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық ТМД елдерінің қару жасауға қатысы бар ғалымдары мен мамандарына бейбіт мақсаттағы іс-қызметке бетбұруға мүмкіндік беретін қару таратпау саласындағы бағдарлама ретінде 1992-жылы құрылған болатын.
Халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қару шығаруға қатысты технологиялардың таралуына жол бермеу мақсатымен Жапония, Ресей, АҚШ және Еуропалық Одақ үкіметтері Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты ашуға ұйғарып, «қырғиқабақ соғыс » аяқталғаннан кейін саланың жоғары білікті мамандарына жаңаша ахуалға бейімделуге түрткі болуды көздеген еді. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас пәтері Мәскеуде орналасқан.