Халықаралық қауымдастық Қазақстанның демократиялық даму саласындағы ілгерілеушіліктерін мойындауы тиіс - ЕҚЫҰ төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық қауымдастық Қазақстанның  демократиялық даму саласындағы ілгерілеушіліктерін мойындауы тиіс - ЕҚЫҰ төрағасы

Халықаралық қауымдастық Қазақстанның демократиялық даму саласындағы ілгерілеушіліктерін мойындауы тиіс - ЕҚЫҰ төрағасы

"Соңғы он жылда Қазақстанда демократиялық жаңартулар саласында айтарлықтай ілгерілеушіліктер болды. Халықаралық қауымдастық осындай ілгерілеушіліктерді мойындауы тиіс". Бүгін, 6-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Болгария сыртқы істер министрі Соломон Пасси осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 661
Фото - Caravan.kz

С.Пассидің айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы «Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейіне дән риза». «Қазастанның қабырғасы қатып, бұғанасы беки бастағанына небәрі 10 жыл толуы ілгерілеушіліктердің маңызын тіптен еселей түспек».

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасының хабарлауынша, Қазақстан мемлекет басшысымен келіссөздер барысында ол «Қазақстандағы жаңартауларға, соның ішінде заң шығару жүйесіндегі және экономикадағы реформаларға оң баға берген». С.Пасси жерді жеке меншікке беру жөніндегі заңның қабылдануын да оңды фактор ретінде атады.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен С.Пассидің кездесуі барысында Қазақстан үкіметі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы болашақ ынтымақтастық туралы мәселе де талқыланды. Ұйым басшысының айтуынша, тараптар сондай-ақ, биылғы жыл соңына дейін БАҚ-тардың тәуелсіздігіне арналған конференцияны бірлесе өткізуге уағдаласқан. Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарының бірі аймақтық ынтымақтастықты дамыту болмақ. «Әсіресе Орталық Азия аймағында осындай ынтымақтастықтың маңызы зор»,- дей келіп ұйым төрағасы сөзін былай деп сабақтады: «қазір біз ортақ қауіп-қатермен тізе қосып күресіп жатырмыз. Бұл қатерлерді өзара күш қоса отырып қана жеңуге болады».

Соңғы жаңалықтар