Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық апат туралы ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық апат туралы ескертті

Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық апат туралы ескертті

Егер АҚШ өз берешек міндеттемелері бойынша дефолт жарияласа, бұл әлемдік экономиканы «есеңгірететін» оқиға болады,

  • 11 Шiлде 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

деп мәлім етті Халықаралық валюта қорының жаңа басшысы Кристин Лагард американдық АВС телеарнасына берген сұхбатында.

«Құрама Штаттар дефолт жарияласа, не болатынын елестете де алмаймын. Несие шегін көтеру туралы мәселенің шешілу керектігі анық», -деп атап көрсетті Лагард. Егер мәміле жасалмаса, «АҚШ экономикасы үшін ірі әрі жағымсыз жаңалық болады». «Сондықтан да, Құрама Штаттардың ғана емес, басқа да әлемнің алдында тұрған ығыттың көлемін екі партия да (республикалықтар мен демократтар) түсінеді деген үміттемін», — деді Қор басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 Конгресс бекіткен АҚШ-тың мемлекеттік берешегі 2011 жылдың мамыр айында 14,3 триллион долларға жетті, сөйтіп ол елдің жалпы ішкі өнімінің көлеміне теңесті. Енді Вашингтон жаңа облигациялар шығара да алмайды, ағымдағы берешектер бойынша төлемдерді қаржыландыру үшін инвесторларға сата да алмайды, яни қайта несиелей алмайды. Ал бұл дегеніміз, 2011 жылдың 2 тамызында барлық міндеттемелер бойынша дефолт туындайды деген сөз.

Қазір Конгресте бюджет жетіспеушілігін қысқарту шаралары туралы қызу айтыс жүріп жатыр. Егер Ақ үй мен оппозиция келісе алса, республикашылар мемлекеттік несие лимитін көтеруге рұқсат беруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар