Халыққа 1 сәуірде коммуналдық қызметтердің тарифі күрт көтеріледі деп абыржудың қажеті жоқ - Алдабергенов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халыққа 1 сәуірде коммуналдық қызметтердің тарифі күрт көтеріледі деп абыржудың қажеті жоқ - Алдабергенов

Халыққа 1 сәуірде коммуналдық қызметтердің тарифі күрт көтеріледі деп абыржудың қажеті жоқ - Алдабергенов

Павлодар. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Халыққа 1 сәуірде коммуналдық қызметтердің бағасы күрт көтеріледі деп абыржудың қажеті жоқ. Бұл туралы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Наурыз 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандықтардың арасында 1 сәуірден соң мораторийден кейін коммуналдық қызметтердің бағасы күрт көтеріледі деген абыржушылық пайда болды. Біз мұндайға жол бермейтінімізге сендіргім келеді», — деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, тарифтерді көтеру туралы ұсыныс барлық өңірлердегі қызмет көрсетушілерден шынында да түсіп жатыр.

«Олардың өтініштерін қарастыруға қабылдадық. Әзірге, олардың барлығы да толық көлемде қанағаттандырылады деп айту қиын. Сондықтан, халықтың қорқуының қажеті жоқ», — деді Н. Алдабергенов. «Үкіметтің тапсырмасы бар. Біз биылғы жылы инфляция деңгейінен асырмай жұмыс жасауымыз керек. Ал біздің реттейтін қызметтердің үлесі 1,5 пайыз ғана. Яғни, біз бұдан арыға бара алмаймыз. Сондықтан да осының шегінде жұмыс жасайтын боламыз», — деп атап көрсетті ол.

Н. Алдабергенов хабарлағандай, «сумен және газбен қамтамасыз ету бойынша тарифтерді қарастыруды жазға, ал жылудікін жылу маусымы басталатын күзге шегіндірдік».

Н. Алдабергенов, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына тариф туралы мәселе төңірегінде қолдан дүрлікпе жасамау жөнінде өтінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті