"Халықты бүйтіп алдауға болмайды!" Тағы да көзбояушылық туралы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халықты бүйтіп алдауға болмайды!" Тағы да көзбояушылық туралы айтылды

"Халықты бүйтіп алдауға болмайды!" Тағы да көзбояушылық туралы айтылды

Белгілі журналист Камшат Тасболат жуырда ғана сайланған ең жас депутат пен өзге де мәжіліс депутаттары туралы жазды. Ол халық қалаулыларына көзбояушылықпен айналысқанша нақты іспен айналысуды ұсынды.

  • 18 Қаңтар 2021
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы. 

"Жиырма бес жасында депутат болған баланың парақшасына кіріп едім, ойбай, қолдаушылары көп екен! Бір постына 1115 адам лайк басыпты. Кімдер екен десем, қуанышым су сепкендей басылды, көбі желтоқсанның басында тіркелген, бір-екі жаңалықпен бөліскен боттар сияқты. Ұят қой. Қазір, өздері айтпақшы, тағайындалған депутаттардың біразының парақшасында сондай жағдай сыңайлы. Сырт көзге лайк басқандар көп деп көрсетіп, көзбояушылықпен айналысқанша, нақты жұмыс істеген жөн. Боттар қызметінен бас тартса, нақты оқырман, қолдаушы, достардың саны белгілі болады. Халықты бүйтіп алдауға болмайды! Егер халық алдында адал ант беріп, қызмет етіп, сеніміне ие болсаңыздар, елдің өзі-ақ сендерге үлкен Лайк қояды. Тек лайкқа Лайық болыңыздар!", деді Камшат Тасболат.

Еске салсақ, Мәди Ахметов 25 жасында мәжіліс депутаты атанды. Ол Қазақстан тарихындағы ең жас депутат. 


Мәди Ахметов осы уақытқа дейін праймеризге де қатысты, пандемия кезінде қайырымдылық істермен айналысқан болатын.

Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанғалы отырған Мәди Ахметов 23 жасында деканның орынбасары болып, ал былтыр праймеризде партияшылық сайлау кезінде ең көп дауыс жинағандардың бірі болды.
 

 

Соңғы жаңалықтар