Халықтың депозиттері 11 трлн. теңгеге жетті - Қайрат Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықтың депозиттері 11 трлн. теңгеге жетті - Қайрат Келімбетов

Халықтың депозиттері 11 трлн. теңгеге жетті - Қайрат Келімбетов

Жыл басынан бері халықтың депозиттері 10 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етт

  • 16 Сәуiр 2014
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Жалпы банк секторындағы жағдай тұрақты. Соңғы үш жылда олардың жеке капиталы мен активтері артты. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық дамуында банктердің рөлінің артуын байқатып отыр. 2013 жылы халықтың депозитінің өсімі жалғасты. Өткен жылы депозиттер 10 трилионнан астам теңгені құрап, 12 пайызға артты. Ал биылғы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша депозиттердің көлемі 11 триллион теңгеге жетіп, жыл басынан бері 10 пайызға жуық деңгейде артты»,-  деді Ұлттық банк төрағасы.


Оның сөзіне қарағанда, несиелік нарықта да өсім байқалды. 2013 жылы экономиканы несиелендірудің жалпы көлемі 13 пайызға артып, 11,3 трлн. теңгені құрады.

«Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша несиелендіру көлемі 7  пайызға өсті, яғни 12 трлн. теңгеге дейін жетті», — деді Қ. Келімбетов.