"Хан Тәңірі-2003" Халықаралық 2-фестиваліне қатысушылар арасындағы жеңімпазға 3 мың доллар көлеміндегі сыйлық тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хан Тәңірі-2003" Халықаралық 2-фестиваліне қатысушылар арасындағы жеңімпазға 3 мың доллар көлеміндегі сыйлық тағайындалды

"Хан Тәңірі-2003" Халықаралық 2-фестиваліне қатысушылар арасындағы жеңімпазға 3 мың доллар көлеміндегі сыйлық тағайындалды

"Хан Тәңірі-2003" Халықаралық 2-фестиваліне қатысушылар арасындағы жеңімпазға 3 мың доллар көлеміндегі сыйлық тағайындалды. Бұл туралы Алматы қалалық мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының төрағасы Болат Ысқақов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 17 Шiлде 2003
  • 614
Фото - Caravan.kz

Ал екінші және үшінші орындарды жеңіп алған жеңімпаздарға алтын және күміс пластина табыс етіледі.

Б.Ысқақовтың айтуынша, жалпы алғанда фестивальді өткізуге 37 млн. теңге жұмсалды. Бұл қаржыны фестиваль демеушілері шығарған көрінеді. Республикалық және қалалық бюджеттен қаржы бөлінбеген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 17-шілдеде Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында «Хан Тәңірі-2003» атты Халықаралық 2-фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Алматы қаласының әкімі, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі мен ҚР армиясының орталық спорт клубының қолдауымен өткізіліп отырған «Хан Тәңірі -2003» халықаралық фестивалі 7-тамызға дейін созылады.
Фестиваль аясында құтқарушылардың Халықаралық 1-слеті өтеді. Шараның мақсаты- құтқару қызметтері арасындағы халықаралық байланысты нығайту және оны дамыту , сондай-ақ, таулы өңірлерде зардап шеккендерге жәрдемдесу, іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу төңірегінде тәжірибе алмасу болып табылады.
Құтқарушылардың Халықаралық 1-слетінің бағдарламасына сәйкес шілденің 21 мен 2-тамыз аралығында ТМД елдерінің өкілдері арасында экстремалды жағдайларда зардап шеккендерге жәрдем көрсетуге арналған бірлескен оқу-жаттығулар өткізіліп, құрамалар 7010 метрлік Хан Тәңірі шыңына көтеріледі.
Ал 29-шілде мен 31-шілде аралығында Хан Тәңірі шыңына көтерілуден жылдамдық бойынша жарыстар өткізілмекші. Ал тамыздың 3-5 аралығында бейнефильмдер мен слайд-шоу тамашалау, қазақ ұлттық қыз қуу және көкпар жарыстары, ұлттық өнерпаздық ұжымдар мен бардтар концерті тәрізді спорттық-ойын-сауық шаралары, сондай-ақ, Мәрмәр Қабырға шыңына шаңғымен көтерілу, Баянкөл өзеніндегі қайық жарысы, тау велосипедімен және атқа мініп қыдыру, жаяу жорықтар, ауа шарымен ұшу және тікұшақпен қыдыру тәрізді спорттық шаралар ұйымдастырылады.
«Хан Тәңірі-2003» фестивалінің қорытындысы 6-7-тамызда шығарылады.

Соңғы жаңалықтар