Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты

Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты

Әр әні хитке айналатын Ерке Есмахан бұл жолы тыңдармандарын өзге қырынан таңғалдырмақ ниетте! Әншінің жаңа бейнебаянын тамашалаған жұрт дәл осылай деп ой түйді. Ал өзгеше стильде жазылған ән “Аэропорт” деп аталады.

  • 11 Мамыр 2018
  • 907
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Былтырғы жылы “Қайда” деп жар іздеп, “КЗ жігіт” деп болашақ күйеуін сипаттаған Ерке бұл бейнебаянда сүйіктісін тапқан. Алайда әнші көптен күткен бақытымен тез арада араздасып қалады. Тіпті, ат-құйрығын үзісуге шақ қалады.

Бұл орайда тыңдармандар клиптің фильм сияқты шыққанын айтуда. “Фильм сияқты болғанымен, әніңіз хит болмайды-ау” деп пікір білдірді көпшілік.

Ал Еркенің өзі әр туындысын туған сәбиіндей көретінін айтады.

“Анасы сәбиін құрсағында 9 ай 9 күн көтеріп, бірнеше сағат толғатып, Алладан дені сау, саналы ұрпақ тілеп, туады ғой. Дүниеге адам әкелу жаны нәзік әйел үшін – ерлік! Тура солай, өнер адамы жаңа туындыны дүниеге әкелу үшін идея мен жоспарын бірнеше ай ойында, жүрегінде көтеріп жүреді. Ойдан іске көшкенде нағыз “толғақ” басталады. Туынды дүниеге келген соң оның жарқын болашағына алаңдаушылық болады! Ертең менің кезекті жаңа әнім мен бейнебаяным “Гәкку” арнасы арқылы көрерменге жол тартады! Қобалжып жүрм”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:

«Басын айналдырып алған»: Танымал әзілкеш өзінен кіші жігітке тұрмысқа шықты
Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар