Хромтау-Алтынсарин темір жолының салтанатты ашылу рәсімі 19-қарашада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хромтау-Алтынсарин темір жолының салтанатты ашылу рәсімі 19-қарашада өтеді

Хромтау-Алтынсарин темір жолының салтанатты ашылу рәсімі 19-қарашада өтеді

Хромтау-Алтынсарин темір жол тармағының салтанатты ашылу рәсімі 19-қарашада өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облысы әкімшілігінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 2037
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, облыстың Әйтеке би ауданында өтетін салтанатты шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Хромтау-Алтынсарин бағытындағы темір жол тармағын салу жұмыстары 2003-жылдың 18-қазанында аяқталды. «Алтынсарино-Хромтау» бағытындағы темір жол желісінің 402,5 шақырымын магистральдық, 40,22 шақырымын станциялық жолдар иемденеді. Нысанды салу арқасында 13 станция мен разьезд, 11 көпір, 151 су құбыры жаңадан іске қосылады. Техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес жоба құны 29751 млн. теңгені құрайды.
Межеленген қаржының 25856 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 4165 млн. теңгесін «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ-ның қаржысы есебінен бөлінді.
«Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ басшылығының пікірінше, «Алтынсарино-Хромтау» аралығындағы, жолды біршама қысқартатын транзиттік бағытты іске қосу нәтижесінде Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігіндегі темір жол желісін толыққанды қалыптастыру жұмысы аяқталады. Соның нәтижесінде республиканың батыс бөлігіне жүк тасымалдау, соның ішінде астық экспорттауға жұмсалатын тасымал құнын анағұрлым азайтуға мүмкіндік жасалады. Компания жобаны жүзеге асыруға бюджеттен жұмсалған шығындарды 3 жылда өтеп алуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар