Кибершабуылдарды арнайы жүйелер жасап жатқанын байқау қиын емес – Дархан Қыдырәлі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кибершабуылдарды арнайы жүйелер жасап жатқанын байқау қиын емес – Дархан Қыдырәлі

Кибершабуылдарды арнайы жүйелер жасап жатқанын байқау қиын емес – Дархан Қыдырәлі

Елімізде соңғы кездері кибершабуылдар көбейіп кеткендігі туралы ақпарат тарағандығы белгілі. Оны Абай облысына сапары кезінде Мемлекет басшысының өзі айтты. Ведомствоға келгеніне бір ай болған министр осыған қатысты өз пікірін білдірді.

Жалпы ғалымдар «постшындық» деп атаған осы кезеңде гибридтік соғыс әлемде өршіп тұр. Мұндай мылтықсыз майдан кезінде дабыра-дабыл, анықталмаған ақпарат, дәйексіз деректер көп жағдайда жұртты шатастырады, оқырманды адастырады. Сондықтан осындай ақпараттық шабуылдың қазір біз Қазақстанға да бағытталғанын көріп отырмыз. Бұл туралы Президент те Семейдегі сөзінде атап өтті. Шын мәнінде бұл ақп

  • 4 Қазан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Жалпы ғалымдар «постшындық» деп атаған осы кезеңде гибридтік соғыс әлемде өршіп тұр. Мұндай мылтықсыз майдан кезінде дабыра-дабыл, анықталмаған ақпарат, дәйексіз деректер көп жағдайда жұртты шатастырады, оқырманды адастырады. Сондықтан осындай ақпараттық шабуылдың қазір біз Қазақстанға да бағытталғанын көріп отырмыз. Бұл туралы Президент те Семейдегі сөзінде атап өтті. Шын мәнінде бұл ақпараттық соғыс кезінде елдегі бірлікті, берекені, жалпы тәуелсіздікті тұғырлы ету үшін тек қана жазарман қауымға ғана емес, тұтынушыға да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені біз сол ақпаратты тарату арқылы кейде заң бұзушылық жасап отырғанымызды немесе тексерілмеген деректі таратып отырғанымызды аңғармай қалуымыз мүмкін, — деді ведомство басшысы.

Айтуынша, осыған байланысты жалпы ақпараттық соғыс кезеңінде кез келген азаматқа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондай-ақ министр кибершабуылдың көбею себебіне тоқталды.

Өткенде DoS-шабуыл деп техникалық жағы да айтылды. Содан кейін кибершабуылдардың да үдегенін көріп отырмыз. Мысалы, кеше Павлодарда арнайы бір фейк-ақпарат тарады. Оны да шетелдік азамат таратқанын білдік. Соңғы бір айды алып қарасақ, отыз күннің ішінде Діндер съезі өтті, Рим папасы келді. Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке, Лондонға сыртқы сапарлары өте үлкен резонансқа ие болды. Сондықтан Қазақстанды біреулер тұрақсыздықтың аралына айналдырғысы келетін сияқты. Мұның сайлауалды кезеңмен тұспа-тұс келуі де ойландырмай қоймайды. Сол үшін мұны арнайы жүйелер жасап жатқанын байқау қиын емес
, — дейді Дархан Қыдырәлі.

 

Соңғы жаңалықтар