Киіктер қырылған аймақта мал өлімі жиілеп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киіктер қырылған аймақта мал өлімі жиілеп барады

Киіктер қырылған аймақта мал өлімі жиілеп барады

Қостанай облысында төрт түліктің өлім жітімі жиілеп барады.

  • 5 Маусым 2015
  • 1338
Фото - Caravan.kz

Белгісіз дерт биыл туған төлдерді баудай түсіріп жатыр. Ірі-қараның өлім жітімі әсіресе Жангелдин ауданында өршіп тұр. Жергілікті тұрғындар «бұл киіктен жұққан кесел емес пе?» деп қауіптенеді. Өйткені үй жануарларының жаппай өлуі тіркелген жер бөкендер қырылған алқапқа іргелес. Ал ветеринар мамандар нақты себебін айтуға сараптама нәтижесін күтіп отыр. Көктемге шыққан бірді-екілі бастың шығынға ұшырағанына әдетте малшылар баса мән бере қоймайды. Әйтсе де бұл жолғы жаппай өлім-жітім тұрғындарды қатты алаңдатып отыр.

Оразалы Бөлегенов жетекшілік ететін қожалық өткен жылы ашылған еді. Маңдай терін төгіп, қыстан аман шыққан шаруаға белгісіз кесел орасан зиян келтірді. Оразалы Бөлегенов, шаруашылық басшысы: — 10 күннің ішінде 12 бас ірі-қара мал өлді. Кешкілік санағанда сау мал, таңертең ауырып тұрады, кешке дейін өледі. Аяғы іседі, басы іседі,биылғы төлдің жартысы кетіп тұр. Оңай емес. Таңертең өріске шыққан сап-сау мал  кешке осылай өліп жатады. Иелері ветеринар мамандар келіп, тіркеуге алу үшін өлекселерді ашық тастауға мәжбүр. Мал өлімі ең көп тіркелгені Көлқамыс бөлімшесіндегі «Сыма-К» шаруа қожалығы. Жетекшісі Манат Карбозов бұған дейін ондаған бастың бір мезгілде қырылуы тіркелмегенін айтады. Жем-шөбі жеткілікті оның малдары қыстан күйлі шыққан. Шаруашылықтағы өлім-жітім киіктер қырғынымен бірге басталды деп айтуға болады. Мұндағы алғашқы шығын 21 мамыр күні тіркелді. Содан бері бас-аяғы екі аптада қырық бір бас өлген. шаруашылық басшысы мұндай індетке киіктердің кеселі тимеді ме деп күдіктенеді. Өйткені киіктер жаппай қырылған жаман нұра қонысы бұдан 20 шақырым ғана қашық жатыр. Кеше ғана Жангелдин ауданында аз ғана күнде елу мыңға тарта бөкеннің өлгенін ескерсек, шаруалардың қауіптенуі орынды. Оның үстіне Манат Карбозов мемлекеттік бағдарлама арқылы мал сапасын жақсартуды қолға алған кәсіпкер. Өкініштісі, мал ауруы сол асылдандырылған табындарға ауыз салып тұр.


Манат Карбозов, шаруа қожалығының жетекшісі: — «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Әулиекөл тұқымымен жұмыс істеп жатырмыз ғой, өліп жатқан соның балалары. Ертең білмейміз, Үкімет алдында, аргарлық кредит алдында қалай жауап берерімізді. Біз қазір кредитімізді төлеп отырмыз, егер тоқтамайтын болса, онда жағдайымыз қиын болады. Қазір сиыр ғана емес, өзге  малда да шығын бар. «Сыма-К» шаруашылығының өзінен аз күнде он алты бас жылқы өлген.  Сәрсенбай Жатқанов албарбөгет селолық округінің мал дәрігері. Соңғы күндері оның жұмысы қауырт. Өйткені малы ауырған шаруашылықтардан шақырыс көп. Әзірге облыстан жауап келген жоқ. Жергілікті ветеринарлар енді өлекселерді көму жұмысына кірісеміз деп отыр. Жангелдин ауданында егін көлемі мүлдем аз. Үлкен өндіріс, өнеркәсіп жоқ. Елдің негізгі күн көрісі төрт түлік. «Егер қолдағы бар малымыздан айрылып қалсақ, болашағымыз не болады», — деп алаңдайды облыстан жауап күткен жергілікті тұрғындар. Ақпарат 
http://24.kz/kz сайтынан алынды.